jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Кенесхан
    Айтолқын Кенесхан
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Өскеменде тұраққа дұрыс қойылмаған көлік суға түсіп кетті (видео)

    Суға түсіп кеткен көлік
    Суға түсіп кеткен көлік. Видеодан кадр: instagram.com/shygysqaz_tjd

    ШҚО-да тұраққа дұрыс қойылмаған көлік суға кетті. Ертісте қалқып жүрген көлікті жергілікті тұрғындар байқап қалған. Өңірлік төтенше жағдайлар департаменті өкілдерінің мәлімдеуінше, иесі көлікті тұраққа қойған кезде қауіпсіздік шараларын дұрыс орындамаған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, тосын жайт Өскемен қаласының Самал саябағы ауданында болған.

    Өзенде қалқып жүрген көлікті сол маңның тұрғындары байқап қалып, құтқарушыларға хабарлаған. Оқиға орнына жеткен ШҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағы қызметкерлері Subaru Impreza маркалы көлік жағадан 100 метрге алыстап кеткенін анықтаған.

    "Сүңгуір жабдығының көмегімен құтқарушылар көліктің ішін қарап шықты, онда зардап шеккен ешкім болмады", - деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің өкілдері.

    Кейін белгілі болғандай көлік иесі көлікті тұраққа қойған кезде қауіпсіздік шараларын сақтамаған, салдарынан көлік Ертіске қарай сырғанап кеткен.

    Өскеменде тұраққа дұрыс қойылмаған көлік суға түсіп кетті (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.