jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ардақ Құлтай
    Ардақ Құлтай
    Бұрынғы қызметкер

    "Әлдене шашып жүр ме": алматылықты қала үстінде айналып жүрген ұшақ алаңдатып қойды

    Diamond DA-42 ұшағы
    Diamond DA-42 ұшағы. Фото: pixabay.com

    Алматы тұрғыны қала үстінде шағын ұшақтың неге айналып ұшып жүргенін түсінбей дал. Қазақстанның Авиавция әкімшілігі өкілдері неге ұшақ мегапоилсті айналып жүргенін түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Шағын ұшақ бірнеше сағаттан бері қаланы айналып жүр. Арнайы қолданбадан қарасақ, ұшақ көп айнала бергенін көруге болады. Бірінші рет болып отырған жоқ. Бірдеңе шашып жүрген жоқ па?" - дейді оқырман.

    Ұшақтың ұшу траекториясы
    Ұшақтың ұшу траекториясы. Фото: Flightradar

    Шын мәнінде Fligtradar қолданбасында UP-LA262 тіркеу нөмірлі Diamond DA-42 Twin Star ұшағының ұшу траекториясы күмән туғызады. Оның үстіне, ұшу және қону орны ретінде Алматы әуежайы белгіленген - ALA.

    Қазақстанның Авиациялық әкімшілігі өкілдері KAZ.NUR.KZ тілшісіне ұшақ Delta Air компаниясына тиесілі екенін айтты.

    "DKZ1892 рейсі 05R ұшу-қону жолағының ILS аспаптары бойынша радиотехникалық жерге қону жүйесін ұшуды тексереді", - деп хабарлады Авиация әкімшілігі.

    Сонымен қатар компанияның сайтында Dala Air 2003 жылдан бастап бүкіл Қазақстан мен достастық елдері бойынша ұшуларды орындайтыны хабарланды. Компанияның флотында 30-дан астам әуе кемесі, соның ішінде ұшақтар мен тікұшақтар бар.

    "Әлдене шашып жүр ме": алматылықты қала үстінде айналып жүрген ұшақ алаңдатып қойды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.