jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Аида Тақабаева
    Аида Тақабаева
    Бұрынғы қызметкер

    Түнде Алматы мен Талғарда жер сілкінісі тіркелді

    Алматы қаласы
    Алматы қаласы. Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Түнде Алматы мен Талғар қалаларында жер сілкінісі тіркелді. Жерасты дүмпуінің ошағы Қытайда орналасқан. Бұл жөнінде Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті Сейсмикалық стансалар желісіне сілтеме жасап хабарлауынша, жер сілкінісі 26 қаңтар сағат 02:01-де тіркелген.

    Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 262 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.

    Алматы мен Талғарда 2 балл болып сезілді.

    "Патрульдік бағыттар бойынша көзбен шолу кезінде ештеңе байқалған жоқ, жағдай тұрақты", - деп мәлімдеді ведомство өкілдері.

    Түнде Алматы мен Талғарда жер сілкінісі тіркелді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.