jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Жағдай тұрақты": ТЖМ қазақстандықтарға жер сілкінісіне байланысты үндеу жасады

    Алматы
    Алматы. Көрнекі фото: NUR.KZ/ Владимир Третьяков

    Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы ағымдағы жылдың 23 қаңтарынан бастап Қазақстан аумағында 1900-ден астам жер сілкінісін тіркеді, оның 11-і сезілді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ведомствоның мәліметіне сәйкес, сейсмикалық белсенділік Қытай мен Қырғызстан шекарасында болған қатты жер сілкінісіне байланысты артқан. Жер асты дүмпулердің сейсмикалық толқындары жақын маңдағы елдердің, соның ішінде Қазақстанның аумағына тарады.

    Мұндай қарқындылықтағы жер сілкіністерінен кейін көптеген афтершок орын алды. Бұл процестің қанша уақытқа созылатыны көптеген факторға, соның ішінде жер сілкінісінің эпиорталығы орналасқан аймақтың сейсмикасына және жер жағдайына байланысты.

    "Бірте-бірте сейсмикалық белсендіру процесі әлсірейді және ол қалыпты режимге оралады. ТЖМ дағдарыс жағдайлардағы басқару орталығының базасында республикалық жедел штабтың жұмысы жалғасуда. Тіршілікті қамтамасыз ету объектілері, көлік және өндірістік объектілер штаттық режимде жұмыс істейді. Жағдай тұрақты", - делінген ресми хабарламада.

    Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарға сабыр сақтап, дүрбелеңге берілмеуге шақырды.

    "Жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік шараларын есте сақтаңыздар. Егер сіз ғимараттардың жоғарғы қабаттарында болсаңыз, онда дүмпу тоқтағанша тұрыңыз, алдыңғы есікті алдын ала ашыңыз, бөлмедегі ең қауіпсіз орынға барып тұрыңыз: тірек арқалықтың астында, есіктер немесе негізгі қабырғалардың бұрыштарына, тірек бағанасына жақын тұрмаңыз, терезелерден, ауыр заттардан және жиһаздан алыс тұрыңыз. Сіз үстелдің астына тығыла аласыз немесе ванна бөлмесіне паналай аласыз.

    Жер сілкінісі кезінде лифт пен баспалдақты пайдалануға болмайды. Дүмпу тоқтағанша күтіңіз, содан кейін ғана сыртқа шығыңыз.Көшеде ғимараттардан, электр желілерінен, маңдайшалардан, қоршаулардан және т. б. алыс ашық алаңда тұру керек. Дәрі-дәрмектер, қажетті заттар, өнімдер, құжаттар, фонарь, жылы заттар кіретін дабыл чемоданын алдын ала дайындаңыздар", - деді ТЖМ өкілдері.

    "Жағдай тұрақты": ТЖМ қазақстандықтарға жер сілкінісіне байланысты үндеу жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.