jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Аида Тақабаева
    Аида Тақабаева
    Бұрынғы қызметкер

    Қарағанды облысындағы жарылыста полицейдің әкесі мен анасы қаза тапқан

    Өрт сөндіруші тұрғын үйдің шатырындағы өртті сөндіріп жатыр
    Өрт сөндіруші. Көрнекі фото: Алматы ТЖД

    Қарағанды облысындағы жарылыста полиция қызметкерінің әкесі мен анасы қаза тапты. Қызметкерге облыстық полиция департаментінің өкілдері көңіл айтты. Бұл жөнінде департаментке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Қарағанды облыстық полиция департаментінің басшылығы, жеке құрамы және ардагерлер кеңесі Бұқар жырау аудандық полиция басқармасының жедел уәкілі Дәурен Тұрсынбековке ата-анасы Төлеген Тұрсынбекұлы мен Алма Омаровнаның мезгілсіз қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл айтады", - делінген ведомствоның Instagram-дағы ресми парақшасында.

    Қарағанды облысындағы тұрғын үйдегі жарылыс

    Бұқар жырау ауданының Ботақара кентінде 30 қаңтарда сағат 00:07-де екіқабатты 12 пәтерлі тұрғын үйде екінші қабаттағы пәтерде цилиндрлік газ жарылып, екі адам қаза тапқан еді.

    Кейін құтқарушылар үйінді астынан қаза тапқандардың денесін шығарды. Үйде барлығы 46 адам тұрса, жарылыс кезінде үйде 35 адам болған.

    ТЖД ақпараты бойынша, сағат 00:11-ден бастап 03:37-ге дейін құтқару жұмыстары кезінде үйінді астынан 2 адам өлі күйінде шығарылған. Тағы 5 адам зардап шеккені белгілі болды. Түрлі дене жарақаттарымен Бұқар жырау аудандық ауруханасына үш бала жеткізілген.

    Кейін облыс әкімдігі Ботақарадағы газ баллоны жарылысынан кейін жергілікті сипаттағы төтенше жағдай жарияланғанын, қаза тапқандардың отбасына көмек көрсетілетінін хабарлады.

    Қарағанды облысындағы жарылыста полицейдің әкесі мен анасы қаза тапқан

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.