jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Алматыда жолаушылар автобусы өртеніп кете жаздады (фото, видео)

    Алматыда өртене жаздаған автобус
    Алматыда өртене жаздаған автобус. Фото: Алматы қалалық ТЖД

    Бүгін, 15 ақпанда № 95 автобусы өртеніп кете жаздады, қоғамдық көлік жүргізушісі тілсіз жаудың таралуын тоқтатып үлгерген. Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар департаменті Telegram-арнасында хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "15 ақпанда 12:38-де Алматы қалалық ТЖД "101" пультіне Әуезов ауданы, Алтынсарин даңғылының қиылысында № 95 автобусты жануы туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына 9 өртсөндіруші, екі өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды", - делінген хабарда.

    Оқиға орнына жеткенде "ECO BUS SERVICE" ЖШС № 95 "Фатон" маркалы автобустың жүргізушісі Құрманғазы Мақашев 0,5 шаршы метр жерде отқа оранған ауа өткізгіш құрылғысын өрт сөндірушілер келгенге дейін, дер кезінде өрт сөндіру құрылғысын пайдалана отырып, өртті өшіргені туралы хабарлаған.

    Оқиға кезінде салонда жолаушылар болмаған. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.