Ақтауда химиялық қалдықтары бар мұнара өртеніп, қирады (видео)
Опубликовано:

Бүгін күндіз Ақтауда Маңғыстау индустриаландыру паркі аумағындағы жарамсыз тұрған 63 метрлік мұнараның ішінде мұнай химиялық қалдықтары өртенді, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі Telegram-дағы ресми арнасында.
"Ақпанның 16-сы сағат 11-55-те Ақтауда Маңғыстау индустриаландыру паркі аумағындағы 5-ші өңдірістік аймақта жарамсыз тұрған 63 метрлік (диаметрі 5 метр) мұнараның ішінде мұнай химиялық қалдықтары өртенген", – деп жазды ТЖМ Telegram арнасындағы хабарламасында.
Ведомство ақпараты бойынша, өрт ауданы шамамен 60 шаршы метр. Өртті сөндіруге ТЖД 30 адамы мен 6 техникасы жұмылдырылды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Бұл ретте әлеуметтік желіде 63 метрлік мұнараның құлаған сәті түсірілген видео пайда болды. Аталған видео Aktau.911 Instagram парақшасында жарияланған.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2061459-aqtauda-mangystau-industrialandyru-parki-aumagyndagy-zaramsyz-turgan-munara-isinde-ort-syqty-video/