jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Қарағандыда үйде болған жарылыс: оқиғаның мән-жайы белгілі болды

    Құтқарушылар жұмыс істеуде
    Құтқарушылар жұмыс істеуде. Видеодан кадр: ҚР ТЖМ

    Қарағанды қаласында орын алған оқыс оқиғаның мән-жайы белгілі болды. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті жер үйде болған жарылыстың алдын ала себебін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Қазіргі уақытта облыстық төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары оқиға орнында үйіндіні бөлшектеп жатыр.

    "Жарылған үйдің үйіндісінің арасынан 5 литрлік екі газ баллоны табылды. Оның біреуі жарылған. Бұл газ жарылғаны туралы болжамды шамамен дәлелдейді. Жұмыс жалғасып жатыр", делінген ресми хабарлмада.

    Айта кетейік, 18 ақпан күні сағат 03:30 шамасында Қарағанды қаласында жер үйде жарылыс болып, үйінді астынан екі адам шығарылғанын хабарлаған едік.

    Өртті жоюға ТЖД, апаттар медицина орталығынан, полиция қызметінен 45 адам, 13 техника жұмылдырылды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.