jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Астанадағы жиһаз цехынан ірі өрт шықты (фото)

    Астанадағы жиһаз цехынан шыққан өрт
    Астанадағы жиһаз цехынан шыққан өрт. Оқиға орнынан фото: instagram.com/tjd_astana

    Астанада жиһаз жасайтын цехтің ангарынан өрт шықты, деп хабарлайды елордалық ТЖД Instagram-дағы парақшасында.

    Ведомство мәліметінше, 19 ақпанда сағат 08:44 минутта елордалық ТЖД-ның өрт сөндіру бөлімшелері шақырудың жоғары рангы бойынша Көктал 28 мекенжайына шыққан.

    Алдын ала ақпарат бойынша өртсөндірушілер келіп жеткенде 500 ш.м аумақта жиһаз жасайтын цехтің ангары өртеніп жатқаны анықталған. Сол жерде өрт сөндіру штабы құрылған.

    "Қазіргі кезде өртті сөндіру жұмыстарына Астана қаласы ТЖД жеке құрамының 54 адамы мен 12 техникасы, сонымен қатар Апаттар медицинасы орталығының 3 адамы және 1 техникасы жұмылдырылды", - делінген астаналық ТЖД таратқан хабарламада.

    Төтеншеліктер сағат 10:14-те өрт оқшауланғанын хабарлады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.