jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Аида Тақабаева
    Аида Тақабаева
    Бұрынғы қызметкер

    Абай облысындағы аудандардың бірінде төтенше жағдай жарияланды

    боран
    Боранда жолға шыққан адам. Көрнекі фото: pixabay.com

    Абай облысының Көкпекті ауданында қалың жауған қарға байланысты төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

    Телеарна тілшісінің мәлімдеуінше, борай жауған қар көкпектіліктердің тіршілігін тұралатып тастады. Ауданда жауған қардың қалындығы бір метрге жетті. Қазір Көкпекті ауданында төтенше жағдай режимі енгізілген. Себебі елдімекендермен қатынас үзілген. Мамандар төрт ауылдың күре жолын қардан аршып жатқанын айтты.

    Жетісу облысында да боран басылмай тұр. Көктұма мен Достық бекетінің арасындағы тасжол жабық. Көліктер кептеліп тұрмас үшін арасында тізбектеп қана жіберіп жатыр.

    Қарағанды облысында боранда адасып кеткен малшы төрт күннен кейін табылды. Жылқысын іздеуге шыққан оның көлігінің жанармайы таусылған. Малшы ақтүтек боран мен аязда үсіп қалмау үшін көлігін тастап, жақын маңдағы қыстаққа жаяулап жеткен. Байланыс жоқтығынан ешкімге хабар бере алмапты. Малшыны іздеуге тіпті тікұшақ та тартылған.

    Ақтөбе өңірінде қазір керсінше күн ашық. Есесіне жаңбырдан кейінгі тайғақта облыс орталығын көктайғақ болып жатыр.

    "Жарақат бөліміне 243 адам шағыммен келді. Оның 111-і көк мұзда тайғанап, жарақат алғандар. Соның барлығы 229 амбулаториялық емге жіберілді. Қалған 14-і стационарлық деңгейге көтеріліп, сол ем-домын қабылдап жатыр", - дейді Ақтөбе облыстық ауруханасының дәрігер-нейрохирургі Дәмір Меңдібеков

    Ақмола облысында да ақ түтек боран соңы үскірік аязға ұласты. Ауаның температурасы 27-30 градусқа дейін төмендеп кетті. Бет қаратпайтын аязда дизель отынымен жүретін көліктердің үлкен жолға шығуына соңғы екі күн бойы шектеу қойылды. Аптаның алғашқы күнінде оқушылар мектепке бара алмады. Тек Көкшетау оқушылары ғана емес, Қостанай, Петропавл мен Павлодар, Қарағанды, Өскемен оқушылары да күннің күрт суытуына байланысты қашықтан оқып жатыр.

    Дереккөз: КТК

    Абай облысындағы аудандардың бірінде төтенше жағдай жарияланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.