jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Жамбыл облысында жолаушылар отырған автобус өртенді

    Өртенген автобус
    Жамбыл облысында өртенген автобус. Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

    Жамбыл облысы Жамбыл ауданындағы тасжолда төтенше жағдай болды - жолаушылар отырған автобус өртенді. Абырой болғанда, оқиғадан ешкім зардап шекпеді, деп хабарлайды ТЖМ-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    ТЖ министрлігінің ресми Telegram-арнасындағы хабар бойынша, төтенше жағдай "Алматы-Ташкент" автожолында болған. Өртсөндірушілер келгенге дейін 29 жолаушы өртенген көліктен өздігінен эвакуацияланыпты.

    Адамдар ілеспе көліктермен елді мекендерге жеткен.

    "Өрт сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын ала себебі - электр сымдарының қысқа тұйықталуы", - делінген хабарламада.

    Тілсіз жаумен күреске ТЖД-ның 9 қызметкері мен 2 техникасы жұмылған.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.