jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Каспий теңізінің Ресеймен шекараcындағы аумақта қамыс өртеніп жатыр

    Өрт сөндірушілер өрт сөндіруде
    Өрт. Көрнекі фото: ТЖМ

    Атырау облысында Каспий теңізінің жағалауында 100 гектар аумақта қамыс өртеніп жатыр. Жалын Ресеймен шекарадағы Құрманғазы ауданында тұтанған, деп хабарлйды KAZ.NUR.KZ ТЖМ-ге сілтеме жасап.

    Ведомсто мәліметінше, 2 наурызда сағат 15:45-те Атырау облысында Каспий теңізінің жағалауында, Құрманғазы ауылынан 40 км жердегі Құрманғазы орманшылығының аумағында алдын ала болжам бойынша 100 га алаңда қамыс жанды.

    Өртті сөндіруге Құрманғазы ауданының №7 өрт сөндіру бөлімі, Орман шаруашылығы, ЖАО-дан 36 адам, 5 мотопомпас, 1 техника, 4 мотоқайық тартылды.

    "Өрт өндіру жалғасуда. Елді мекендерге қауіп жоқ.

    Батпақты жер мен қамыстың тығыз және қалың өсуі өртті сөндіруге қиындық туғызып жатыр. Бұл техниканың өтуіне кедергі келтіруде", - делінген хабарламада.

    Каспий теңізінің Ресеймен шекараcындағы аумақта қамыс өртеніп жатыр

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.