jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    АҚШ-та әуеге көтерілген ұшақтың шасси дөңгелегі сынып қалды (видео)

    Ұшақ
    Ұшақ. Көрнекі фото: piqsels.com

    АҚШ-та Жапонияға ұшып бара жатқан ұшақтың шасси дөңгелегі сынып, түсіп қалған. Салдарынан ұшақ ең жақын орналасқан әуежайға шұғыл қонды, деп хабарлайды РИА Новости басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Басылым америкалық БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлауынша, United Airlines ұшағы Сан-Францискодан Жапонияға бет алған еді, бірақ жайтқа байланысты Лос-Анджелесте шұғыл қонуға мәжбүр болған. Сол кезде Boeing 777-200 бортында 235 жолаушы, 10 стюардесса және 4 ұшқыш болған.

    "777-200 ұшағында екі негізгі шассидің әрқайсында алты шина бар. Ұшақ бұл шиналар болмағанның я зақымдалғанның өзінде қауіпсіз қона алады", – деп жазады басылым әуе компанияға сілтеме жасап.

    Лос-Анджелес өрт сөндіру қызметінің ақпараты бойынша, экипаж шассиге байланысты ақау анықталғанын хабарлаған соң ұшақ өз бағытын қалаға бұрып, әуежайға аман-есен қонған. Ешкім зардап шеккен жоқ.

    Жоғалған дөңгелек Сан-Франциско әуежайының аумағынан табылды.

    Еске салайық, бұған дейін Канададан Ұлыбританияға ұшып бара жатқан ұшақты найзағай соққаны түсірілген видео пайда болған еді. Ұшақ ішінде 500-ден астам жолаушы болды.

    АҚШ-та әуеге көтерілген ұшақтың шасси дөңгелегі сынып қалды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.