jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ардақ Құлтай
    Ардақ Құлтай
    Бұрынғы қызметкер

    Абай облысындағы жер сілкінісінен кейін тасжолдар тексерілді

    Абай облысындағы көпір
    Абай облысындағы көпір. Фото: https://t.me/qazavtojol

    Абай облысының аумағында болған жер сілкінісі туралы келіп түскен ақпаратқа байланысты жолшылар ықтималды әсер ету аймағындағы инфрақұрылымның жай-күйін шұғыл тексеріп шықты. Бұл туралы "ҚазАвтоЖолдың" Telegram-дағы арнасында жарияланды.

    Ұлттық оператор өкілдерінің хабары бойынша, жасанды құрылыстарға еш зақым келмеген.

    "ҚАЖ-Сервис" өкілдері Зайсан көлі ауданындағы жасанды құрылыстарды Көкпекті ауылынан бастап Шығыс Қазақстан облысының шекарасына дейін тексерді.

    Сондай-ақ, "Омбы-Майқапшағай" республикалық маңызы бар автомобиль жолының 1005-1090 км және"Қарағанды-Аягөз-Тарбағатай-Бұғас" автожолының 793-941 км учаскелері қаралды", - делінген хабарда.

    Жасанды құрылыстарды аралау және тексеру нәтижесінде ақаулар мен қираулар анықталған жоқ.

    Айта кетейік, бүгін таңертең Зайсан көлінің маңында Абай облысында жер сілкінісі болғаны хабарланған еді.

    Магнитудасы 4.1 болатын орташа жер сілкінісі Семейден 120 шақырым жерде болды, деп хабарлайды Volcano Discovery порталы. Эпицентрі 10 км тереңде болды. Жойқын салдары жоқ.

    Абай облысындағы жер сілкінісінен кейін тасжолдар тексерілді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.