jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Ақтөбе облысы аумағындағы теміржолда пойыз тұрып қалды (видео)

    пойыз
    Пойыз. Видеодан кадр: instagram.com/aqtobe_sergek

    Ақтөбе облысының тұрғындары әлеуметтік желіде өңірде пойыз тұрып қалғанын хабарлады. Күн райының қолайсыздығынан рельсті қар басқан. Осы жағдайға қатысты "Қазақстан теміржолы" компаниясының өкілдері пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Бейнежазбада 12 наурызда Ақтөбе облысындағы теміржолда пойыз қозғалмай тұрғаны айтылады.

    Бұған қатысты "Қазақстан теміржолы" компаниясының өкілдері пікір білдірді. Компания мәліметіне сүйенсек, теміржол жеке компанияға тиесілі.

    "10 шақырымға созылған бұл теміржол учаскесі жеке компанияға тиесілі. Қазақстан теміржолы компаниясы бұл жерді тазалау және күтіп ұстауға жауапкершілік алмайды. Қар басып қалған жолда тұрып қалған пойыз жеке компанияның жұмысшыларын тасымалдайды. Қолда бар ақпарат бойынша жол тазартылып, 30 минуттан соң жүрген", - деді компания өкілі.

    Ақтөбе облысы аумағындағы теміржолда пойыз тұрып қалды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.