jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    Петропавлдағы циркте көрермендерге арналған трибуна адамдармен бірге опырылып, құлады (видео)

    Төтенше жағдай болған цирк шатыры
    Төтенше жағдай болған цирк шатыры. Видеодан кадр: youtube.com/@skopetro

    Петропавлға гастрольмен келген цирк шатырында спектакль кезінде көрермендер отырған трибуна опырылды. Мемлекеттік органдар бұл жайтқа байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Петропавловск.news.

    Қалаға гастрольмен келген мұзды алаң циркі өз жұмысын 22 наурызда бастаған. Бірақ қойылымдардың алғашқы күнінде төтенше жағдай болды. Шоу кезінде трибуна көрермендермен бірге опырылып, құлаған. Әлеуметтік желіде аталған жайттың видеосы пайда болды.

    Оқиға орнына полиция, жедел жәрдем және ТЖД қызметкерлері келген.

    Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, сағат 16.57-де бөлімшеге қоңырау келіп түскен, жайт орнына жедел жәрдемнің екі бригадасы келіп жеткен. Зардап шеккендер жоқ.

    Көрермендердің ешқайсы зардап шекпегенін Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Евгений Журавлев та растады.

    "Қызметкерлеріміз оқиға орнына жетті, бірақ жай ғана не болғанын тексеру мақсатында келген. Ешқандай шара қолданылған жоқ. Қирағандыларды құрылыс иелері өздері қалпына келтірді. Себебі аттракционның қауіпсіздігіне олар жауапты. Ал төтенше жағдайға байланысты адамдарды жауапкершілікке тарту мәселесіне келсек, қуанышқа орай, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ", – деп түсіндірді Евгений Журавлев.

    Сондай-ақ полицейлердің сөзіне сенсек, көрермендердің тарапынан мүлдем шағым келіп түспеген.

    Еске салайық, бұған дейін Астанада қалың қар мен қатты жел салдарынан Шарын базарында шатыр опырылғанын жазған едік. Куәгерлер аталған жайттың видеосын жариялады. Жағдайға қатысты Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі түсінік берді.

    Петропавлдағы циркте көрермендерге арналған трибуна адамдармен бірге опырылып, құлады (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.