jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ГҚ
    Гүлзат Қазанғапова
    Бұрынғы қызметкер

    Астанада маңында 50-ге жуық адам жолды жауып тастады

    Адамдар жолды жауып тастады
    Адамдар жолды жауып тастады. Фото: instagram.com/novosti_issyka

    Ақмола облысы Қоянды ауылының тұрғындары 26 наурызда биліктің назарын су тасқынына аудару үшін жолды жауып тастады. Бұл туралы аудан әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Целиноград ауданы әкімдігінің сайтында хабарланғандай, кеше сағат 20:40 шамасында Қоянданың 50-ге жуық тұрғыны ауыл әкімдігінің маңындағы жолды жауып тастаған.

    "Жергілікті тұрғындар су тасқынының алдын алу шараларына назар аударту мақсатында жиналды.

    Аудан әкімі Оспанбеков пен облыстың ТЖД басшысы Доспаев оқиға орнында жиналғандармен кездесіп, мәселені түсіндірді", – делінген хабарда.

    Сағат 22:00-ге қарай барлық жол ашылып, ауыл тұрғындары тарай бастаған.

    Әкімдіктің мәліметінше, қазір Қоянды ауылында су тасқынына қарсы күшейтілген шаралар жүргізілуде. Ауыл көшелерінен 150 мың текше метрге жуық қар шығарылды.

    Ведомство өкілдері қар шығаруға 10 инженерлік және арнайы техника жұмылдырылғанын қосты. 9,5 мың метр арықтар мен каналдар, 46 су өткізгіш құбырлар тазартылды. 35 мың текше метрден астам еріген су сорылды.

    "Автомобиль жолдарын жабу сияқты заңсыз әрекеттерге жол берілмейді. Заңды бұзғаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертеміз", – деп еске салды әкімдік өкілдері.

    Астанада маңында 50-ге жуық адам жолды жауып тастады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.