Су тасқыны: Қостанай облысында бірнеше ауыл мен 9 қыстақтың тұрғындары эвакуацияланды (видео)
Опубликовано:
28 наурызға қараған түні ТЖМ Республикалық жедел штабтың үйлестіруімен Қостанай облысындағы су басқан бірнеше ауыл мен қыстақтың тұрғындарын эвакуациялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ведомствоға сілтеме жасап хабарлайды.
Ведомство мәліметінше, Республикалық жедел штабтың үйлестіруімен Қостанай облысындағы Қызыл Жұлдыз, Екіді, Аққысы, Қызылжұлдыз ауылдарының және 9 қыстақтың тұрғындарын эвакуациялау бойынша құтқару операциясы жүргізілді.
Құтқару жұмыстары Қорғаныс министрлігінің әуе кемелерінің көмегімен өткен.
"150-ден астам жергілікті азамат құтқарылды, олардың 63-і кәмелетке толмағандар.
Тікұшақтардағы адамдар Арқалық қаласының эвакуациялық пункттеріне жеткізілді", - делінген хабарламада.
- Желіде Ақтөбедегі су тасқыны туралы жалған ақпарат тарады: әкімдік өкілдері тұрғындарға үндеу жасады
- Төтенше жағдайлар министрі су басқан өңірлер жайлы айтты (видео)
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2074467-tzm-qostanai-oblysyndagy-birnese-auyl-men-9-qystaqtyn-turgyndaryn-evakuaciyalady-video/