jitsu gif
Оқыс оқиға

    Үлкен Алматы көлінде қар көшкіні жүрді

    Үлкен Алматы көлі
    Үлкен Алматы көлі. Фото: otkryvai.kz

    Алматы қаласындағы Үлкен Алматы көлінде қар көшкіні жүрді. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "Алматы қаласындағы Үлкен Алматы көлінде қар көшкіні жүрді. Түскен массаның жалпы көлемі — 1800 текше метр. Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар жоқ", - делінген ресми хабарламада.

    Айта кетейік, бұған дейін төтенше жағдайлар департаменті еліміздегі су тасқынына қатысты ахуалды баяндады. Соңғы деректерге сәйкес, азаматтық қорғау қызметтерімен 7783 адам құтқарылып, эвакуацияланды.

    Сонымен қатар Ақорда мемлекет басшысы су тасқынының салдарын жою үшін атқарылып жатқан үкімет жұмысын бақылауда ұстап отырғанын хабарлады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.