Қазақстанда су тасқынынан 72 мыңнан аса адам эвакуацияланды
Опубликовано:
Қазақстанда су тасқыны басталғалы бері 72 029 адам, оның ішінде 16 078 балалар қауіпсіз жерлерге жеткізілді. Уақытша орналасу пунктеріне 14 368 адам, оның ішінде 7 255 бала орналасты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Төтенше жағдайлар, Қорғаныс мининистрлігі және Ұлттық ұланның 7 әуе кемелері құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр.
"7,5 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 952 мыңнан астам қапшық және 976 мыңнан астам тонна инертті материал төселді. Авариялық-құтқару жұмыстарында 12 445 адам, 1300-ге жуық техника, 7 әуе кемелері жұмылдырылды", - делінген хабарда.
Сондай-ақ, осы сағатта Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында 3686 жеке тұрғын үй, 557 аула аумағы және 1822 саяжай үйлері су астында қалып отырғаны айтылады.
- Жаңаөзенді су басты деп ақпарат таратқан тұрғынға 73 мың теңге айыппұл салынды
- Су тасқыны басталғалы 4 мыңнан аса су сынамасы зерттелді: министрлік қорытындысы
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2080262-qazaqstanda-su-tasqynynan-72-mynnan-asa-adam-evakuaciyalandy/