jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ардақ Құлтай
    Ардақ Құлтай
    Бұрынғы қызметкер

    Жаңаөзенді су басты деп ақпарат таратқан тұрғынға 73 мың теңге айыппұл салынды

    Су көпірді бұзып ағып жатыр
    Ақтөбе облысындағы жағдай. Фото: primeminister.kz

    Маңғыстау облысының прокуроры Руфат Құттуков халыққа үндеу жасап, жалған ақпарат таратпау керегін ескертті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Бас прокуратураның Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

    "Құрметті облыс тұрғындары, бәрімізге мәлім, көршілес өңірлерде бой алып, төтенше жағдай жарияланды. Қазіргі таңда Атырау облысы Құлсары қаласынан 16 мыңға жуық адам келді. Олар облысымыздың Бейнеу ауданы және Ақтау қаласына орналасты. Жергілікті атқарушы органдар тиісті жұмыстарды ұйымдастырып, көмек көрсетуде. Біздің өңірде ахуал бірқалыпты", - деді Құттуков.

    Дегенмен, оның сөзінше, кейбір тұлғалар қасақана мүлдем шындыққа жанаспайтын ақпараттарды, бейне және аудиожазбаларды таратып жатыр.

    "Владислав есімді азамат "Жаңаөзен қаласын су алып жатыр" деген жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған 73 мың теңге айыппұл салынды", - дейді өңір прокуроры.

    Жағдай оңай емес деп бағалаған прокурор халықты тек ресми ақпаратқа сенуді, "пендешілік жасамай, заңды сақтауға шақырды".

    Еске салайық, 6 сәуірде халыққа үндеуінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұртты дүрбелеңге салатын жалған ақпарат таратпау керегін айтқан.

    Жаңаөзенді су басты деп ақпарат таратқан тұрғынға 73 мың теңге айыппұл салынды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.