jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынының екінші толқыны болды

    Су тасқыны
    Су тасқыны. Фото: Ақорда

    Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынының екінші толқыны болды. Өңірдегі ахуал туралы аймақ басшысының орынбасары айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    ОКҚ Telegram-дағы ақпаратына сүйенсек, Сергеев су қоймасында аққан судың ең жоғары көрсеткіші 425 см болды. Бірінші толқын өткеннен кейін ол 250 см-ге дейін төмендеген.

    Қазіргі уақытта екінші толқынның келуіне байланысты су қоймасындағы су деңгейінің жоғарылауы байқалады. Қазір 265 см.

    Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қанат Дүзелбаев ОКҚ алаңында өткен брифингте өңірдегі ахуал туралы хабардар етті.

    Оның айтуынша, қазіргі уақытта Қызылжар ауданы мен Петропавл қаласындағы жағдай күрделі. Қызылжар ауданының елді мекендерінде және облыс орталығы аудандарының бір бөлігінде су тасқыны болды. Петропавл қаласы бойынша 1626 үй, Қызылжар ауданында 1212 үй су астында қалды.

    "Күш пен қаражат жеткілікті. Оның үстіне, бүгін қалқымалы понтондары бар инженерлік әскер көмекке келді", - деді спикер.

    Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынының екінші толқыны болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.