jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    БАҚ: Германияда қар жауып, аяз болғанның салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер бар

    Германиядағы қар
    Германиядағы қар. Көрнекі фото: Karl-Josef Hildenbrand/picture alliance via Getty Images

    Германияда аяз бен қар жауғанының салдарынан бір адам қаза тапты, тағы 17 адам түрлі ауырлықта жарақат алған.

    РИА Новости жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап жазуынша, 20 сәуірде Германияда жауған қар мен аяздың салдарынан жол-көлік оқиғасы болып, 17 адам зардап шеккен. Бір адам қаза тапты.

    "Тюрингиядағы Ильменауға жақын маңда 65 жастағы ер адам көз жұмды. Қайғылы оқиға сенбіде таңертең болған. Сол күні ауа температурасы 0 градустан сәл жоғары еді әрі жаңбыр аралас қар жауған", - деп жазады басылым.

    Германияның орталық және шығыс бөлігіндегі қолайсыз ауа райы салдарынан 17 адамның барлығы әр түрлі ауырлықтағы жарақат алғаны анықталған.

    Тюрингия федералды жерінде екі жайт болған. Саксония мен Гессенде төрт жағдай, ал Саксония-Анхальтта жеті жайт тіркелген. Зардап шеккендердің екеуі ауыр жарақат алды.

    Сондай-ақ басылым жазуынша, Германиядағы аязды күн бүгін де жалғасып отыр.

    Еске салайық, былтыр желтоқсанның басында Германияның оңтүстігінде жауған қалың қар көлік қозғалысын қиындатып, 800-ге жуық рейстің тоқтатылуына әкеп соққанын жазған едік. Аяз салдарынан тіпті кейбір ұшақтар ұшып-қону жолағында қатып қалған.

    БАҚ: Германияда қар жауып, аяз болғанның салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер бар

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.