Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Германияда қалың қар жауып, ұшақ ұшып-қону жолағына қатып қалған (видео, фото)

Опубликовано:

Ұшу кезінде қарға жабысып, қатып қалған ұшақ
Қарға жабысып, қатып қалған ұшақ. Видеодан кадр: twitter.com/aviationbrk

Германияның оңтүстігінде қалың қар жауып, салдарынан көлік қозғалысы тұралап қалған әрі 800-ге жуық рейстің тоқтатылуына әкеліп соққан. Желіде тіпті кей ұшақтар ұшып-қону жолағына жабысып, қатып қалғанының видеосы пайда болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

CNN ақпараты бойынша, сенбі, желтоқсанның 2-сі Мюнхен әуежайында қалың қар жаууы салдарынан шамамен 760 рейс тоқтатылды.

Мюнхенде тіпті автобустар, трамвайлар және кейбір пойыздардың қозғалысы да тоқтаған.

Мюнхен орталық вокзалы елге келетін жолаушылар үшін жабылып, қалааралық пойыздардың қызметі дүйсенбіге дейін толық доғарған.

Басылымның жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлауынша, көптеген саяхатшы қаланың негізгі вокзалында қалып қойғанын жазады.

Полицейлер Мюнхен тұрғындарынан аса қажеттілік болмаған жағдайда көлік құралын басқармауды сұрады, ал Баварияның оңтүстігіндегі кейбір аудан тұрғындарына үйлерінен мүлдем шықпауға кеңес берген.

Бавария мемлекеттік телерадиокомпаниясының ақпараты бойынша, Мюнхенде 44 сантиметрлік қар жауған, бұл 1933 жылдан бері желтоқсанда тіркелген ең қалың жауған қар екені белгілі болды.

SHOT Telegram арнасы мәліметіне сүйенсек, Климат жөніндегі дүниежүзілік саммитке ұшуға тиіс ұшақтың өзі Мюнхен әуежайындағы ұшып-қону жолағынан шыға алмай қалған.

Еске салайық, желтоқсанның 1-і мен 2-сі аралығында Дубайда Климат жөніндегі дүниежүзілік саммит өткен болатын. Оған Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысқанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2048852-germaniyada-qalyn-qar-zauyp-usaq-usyp-qonu-zolagynda-muzga-qatyp-qalgan-video-foto/

pixel