jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Алматы облысында 32 гектар орманға таралған өрт дерегімен қылмыстық іс қозғалды

    Өрт таралған аумақ
    Өрт таралған аумақ. Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

    Алматы облысында 32 гектар жерге таралған өрт дерегімен қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

    Айта кетейік, 19 сәуірде Алматы облысының Балқаш ауданында қамыс өртеніп, жалын 31 гектар орман қорына таралған.

    "Аталған факт бойынша ішкі істер органдары Қылмыстық кодекстің "Ормандарды жою немесе бүлдіру" деген 341-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Осы баптың санкциясы мүлкін тәркілей отырып, сегіз жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді", - делінген хабарда.

    Ведомство ақпаратына сенсек, өртті сөндіру үшін тікұшақпен жалпы көлемі 387 тоннадан астам 129 су ағызу жұмысы жүргізілген. Қазіргі уақытта өрт оқшауланды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.