jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Құлсарыда 200 мың текше метрге жуық су сорылды

    Құлсарыдағы су тасқыны
    Құлсарыдағы су тасқыны. Фото: azh.kz

    Қазақстандағы су тасқыны жағдайы бойынша жаңа мәліметтер жарияланды. Республика бойынша су тасқыны басталғалы бері 40 мыңға жуық адам өз үйлеріне оралды, деп жазады ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ

    "Атырау облысында Жайық өзені су деңгейіне мониторинг жалғастырылуда. Бөгеттерді нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өткен тәулікте Индер, Махамбет, Исатай, Құрманғазы аудандарында 500 мың қапшық,  1 510  тонна инертті материал төселді. Құлсары қаласында  су басқан аумақтан 196 055 текше метр су сорылды", - делінген ресми хабарламада.

    Бұған дейін Астана қаласынан, Түркістан және Қостанай облыстарынан, "Қазселденқорғау"  мемлекеттік мекемесінен Солтүстік Қазақстан облысына көмекке барған төтенше жағдайлар министрлігі күштері мен құралдарының бір бөлігі тұрақты орналасу орындарына қайтарылуда.

    Республика бойынша 38 254 адам өз үйлеріне оралды. 6 727 адам эвакуациялау пункттерінде.

    Жалпы азаматтық қорғау қызметтерімен Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Батыс және Солтүстік Қазақстан облыстарында су тасқынына қарсы іс-шаралар, су тасқыны салдарын жою және халыққа көмек көрсету бойынша жұмыстар жалғасуда.

    Су тасқыны бастағалы бері 12,8 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 6,6 млн астам қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселді.

    Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 20 309  адам, 2 783 техника, 584 су сору және жүзу құралы, 8 әуе кемесі жұмылдырылды.

    Құлсарыда 200 мың текше метрге жуық су сорылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.