Атырау облысында құтқарушылар жардан құлаған жылқыны судан шығарып алды
Опубликовано:
Желіде құтқарушылардың Атырау облысындағы жардан құлап кеткен жылқыны судан құтқарған сәтінің видеосы пайда болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Instagram парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
"Бүгін Индер ауданы Өрлік ауылының маңында Қызылордалық құтқарушылар жүзу құралы мен құтқару арқанының көмегімен жардан суға құлаған жылқыны алып шықты", - делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Батыс Қазақстан облысында құтқарушылар суға кетіп бара жатқан жылқыларды құтқарып қалғанын жазған едік.
Сондай-ақ Ақмола облысында құтқарушы шынжырға байланған күшікті су басқан үйшіктен алып шыққан. Оған қоса бұл өңірде су ортасында қалған алты түйе құтқарылған.
- "500 км астам бөгет салынды": ТЖМ Жайық өзеніндегі жағдай туралы айтты
- Жайық өзеніне су келіп жатыр: ТЖМ Атырау облысындағы ахуалды баяндады
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2092799-atyrau-oblysynda-qutqarushylar-zhardan-qulagan-zhylqyny-sudan-shygaryp-aldy-video/