jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    Су тасқыны: Абай облысында учаскелік инспектор ауыл тұрғындарын арқалап эвакуациялаған

    Су тасқыны
    Су тасқынына қарсы күрес. Көрнекі фото: ТЖМ ресми сайты

    Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Алекешев орталық коммуникалар қызметінде өткен брифингте Абай облысындағы су тасқынына қарсы жұмыстарға 3,6 мыңнан астам қызметкер мен әскери қызметші әрі Ішкі істер министрлігінің курсанттары жұмылдырылғанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ орталық коммуникалар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Ведомство ақпараты бойынша, су тасқынына қарсы іс-шараларға 3,6 мыңнан астам қызметкер мен әскери қызметші, сондай-ақ ІІМ оқу орындарының курсанттары қатысуда.

    ІІМ қызметкерлері жұмысының негізгі бағыттары мынадай:

    • су тасқыны қиын өңірлерде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтық тәртіпті және қараусыз қалған мүлікті қорғау, арықтарды тазартуға және қапшықтар төсеуге көмектесу;
    • автокөлікті алып жүру, жергілікті тұрғындардың ешқайсы су басуы мүмкін аймақта қалмауын қадағалау үшін кенттер бойынша патрульдеу және рейдтер жүргізу.

    "Қараусыз қалған мүлікті қорғау үшін полицейлер 54 елді мекенді қоршауға алды. Қазір полицияның қорғауында 10 416 қараусыз қалған тұрғын үй мен өзге де нысандар бар", - деді ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев ОКҚ-да өткен брифингте.

    Тәртіп сақшыларының айтуынша, азаматтарды эвакуациялауға көмектесу – негізгі бағыттардың бірі. Полиция қызметкерлері су басқан аймақтардағы адамдарды құтқарып үлгерген.

    "Су деңгейінің тез көтерілуіне байланысты құтқарушылардың келуін күтпей, Абай облысы Бесқарағай ауданының учаскелік инспекторы Ұланат Шаянбаев Бозтал ауылында өз тұрғындарын эвакуациялаған. Ол жол қызметінің жүк тиегішін пайдаланып, кішкентай балалары бар отбасылар мен қариялар үйіне барып, су басқан жерлерден адамдарды аман алып шықты.

    Өз бетінше жүре алмағандарды ауылдың учаскелік инспекторы техникаға дейін оларды арқасына салып апарған. Ұланат бұл округте 6 жылдан астам учаскелік қызмет атқарып келеді және әрқашан өз азаматтарына көмекке келуге дайын", - деді Шыңғыс Алекешев мысал келтіре келе.

    Сондай-ақ ІІМ ресми өкілінің сөзіне сенсек, ішкі істер органдары су басқан аймақтарда қажетті тәртіпті тиісті деңгейде қамтамасыз етеді.

    Су тасқыны: Абай облысында учаскелік инспектор ауыл тұрғындарын арқалап эвакуациялаған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.