jitsu gif
Оқыс оқиға

    Алматыда өрт шыққан үй маңынан әйел адамның денесі табылды (фото)

    Өрт шыққан үй
    Өрт шыққан үй. Фото: Алматы ТЖД

    Алматыда өрт кезінде 23 адам эвакуацияланды. Бір адам зардап шекті, сондай-ақ бір әйелдің денесі табылды, деп хабарлайды қалалық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомство ақпараты бойынша, 1 мамыр таңғы бестер шамасында 7 ықшам ауданында орналасқан төрт қабатты үйдің төртінші қабатындағы пәтерден өрт шыққан.

    Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 30 шаршы метр аумақты шарпыған өрт сағат 5-52-де сөндірілген.

    Үш иінді баспалдақ пен құтқару қалпақшасы арқылы 23 адам құтқарылған.

    Өртті сөндіруге қалалық төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 48 адам және 12 техника жұмылдырылған.

    Өрт шыққан пәтерден 1997 жылғы әйелдің денесі табылған.

    Қазір тергеу тобы оқиғаның мән-жайын анықтауда.

    1990 жылғы ер адам ауруханаға жатқызылған.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.