jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Ардақ Құлтай
    Ардақ Құлтай
    Бұрынғы қызметкер

    Атырау облысында құтқарушы қайтыс болды

    Ілияс Әбдіқасым
    Ілияс Әбдіқасым. Фото: instagram.com/atyrau_tjd

    Бүгін, 15 мамырда Атырау қаласының № 13 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы, азаматтық қорғау сержанты Ілияс Әбдіқасым денсаулығына нашарлап, қайтыс болды. Бұл туралы өңірдегі ТЖД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ведомство өкілдері Ілияс Әбдіқасым азаматтық қорғау органдарында 2020 жылдан бастап қызмет атқарғанын айтқан.

    "Қызмет барысында өзін сан қырлы жағынан көрсете білген. Екі дүркін өрт сөндіру кроссфиты чемпионы, гарнизондық өрт құтқару спорты сайысының чемпионы атанған болатын", - дейді марқұмның әріптестері.

    Ілиястың артында ата-анасы, жары мен 2 кішкентай қызы қалды.

    "Жаны жайсаң, жарқын жан еді. Елінің тыныштығын, халқының амандығын ойлаған құтқарушы болатын. Алды пейіш, арты кеніш болғай! Отбасына, туған туыстарына қайғырып көңіл айтамыз. Әріптесіміздің иманы саламат болып, пейіште нұры шалқығай!" - деп көңіл айтты ведомство өкілдері.

    Атырау облысында құтқарушы қайтыс болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.