jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Алматы облысында оқу-жаттығу кезінде граната жарылды: екі полицей зардап шекті

    Полицей
    Полицей. Көрнекі фото: NUR.KZ

    Алматы облысының полиция департаменті Қонаев қаласының маңында оқу-жаттығу кезінде болған оқиғаға қатысты желіде жарияланған ақпаратты растады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Оқиға туралы Telegram-дағы EgovPress арнасы хабарлады.

    Басылымдағы ақпарат бойынша, бұған дейін Қонаев қаласының маңында Алматы облыстық полиция департаментінің қызметкерлері жаттығу жұмыстарын жүргізген. Қызметкерлердің бірі күтпеген жерден граната лақтырған, соның салдарынан ЖҚАЖ-дың екі қызметкері ауруханаға жеткізілген.

    Жазбаға қатысты Алматы облысы полиция департаменті өкілдері пікір білдірген.

    "Полигондағы оқу-жаттығу жиындары кезінде облыстық департаменттің екі қызметкері жарқыл гранатасын қолдану кезінде жарақат алды. Салдарынан олардың бірі қалалық ауруханаға жатқызылды", - деп хабарлады полициядағылар.

    Ведомство өкілдері оқиға туралы өзге мәлімет жарияланбайтынын айтты.

    Алматы облысында оқу-жаттығу кезінде граната жарылды: екі полицей зардап шекті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.