jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ГҚ
    Гүлзат Қазанғапова
    Бұрынғы қызметкер

    Ақтөбе облысындағы ауылға моншақтың үлкендігіндей бұршақ жауды (видео)

    ірі бұршақ жауды
    Ақтөбе облысында жауған бұршақ. Видеодан кадр: t.me/diapazonnews

    Ақтөбе облысындағы ауылдардың бірінде ірі бұршақ жауды. Жауын-шашын ауыл тұрғындарының дәнді дақылдарына зиянын тигізді, деп хабарлайды аймақтық "Диапазон" басылымы.

    Жергілікті басылым редакцияға жауын-шашынның видеосын жіберген куәгерлерге сілтеме жасайды.

    23 мамырда Алға ауданының Қарақұдық (бұрынғы Черноводск) ауылында бұршақ жауғаны нақтыланды. Жауған бұршақ салдарынан ауыл тұрғындары егіп жатқан дәнді дақылдарды және басқа да егістікке зиян келтірген.

    "23 мамыр. Қарақұдық ауылы. Бұл бұршақтан кейінгі жағдай. Менің барлық қызғалдағымды сындырып кетті", - дейді бір видео авторы.

    Ақтөбе облысындағы ауылға моншақтың үлкендігіндей бұршақ жауды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.