Оқыс оқиға

Зектілері

Алматы облысында туристер мінген автобус аударылып, 25 адам ауруханаға жеткізілді

Жарияланған күні:

Жол апатына ұшыраған автобус
Кеген ауданындағы автобус апаты болған жер. Фото: Алматы облысының әкімдігі

Бүгін, 27 мамырда Алматы облысының Кеген ауданында туристер мінген автобус жол апатына ұшырады. 25 адам аудандық ауруханаларға жеткізілді. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, бүгін, 27 мамырда сағат 10:20-да Алматы облысының Кеген ауданының Еңбекшіқазақ ауданымен шекаралас аумағында туристер мінген автобус жол апатына ұшыраған.

Алдын ала мәлімет бойынша, автобус "Қазавтожол" желісіне жататын Аласа асуындағы күрделі жол бұрылысында жолдан шығып кеткен. Оқиға орнына Кеген ауданынан екі жедел жәрдем бригадасы аттанған.

"Автобуста 37 адам болған. Кеген аудандық ауруханасына 5 адам, Жалағаш аудандық ауруханасына 16 адам, Шелек аудандық ауруханасына 4 адам жеткізілді. Барлық науқас түрлі дене жарақатын алған", - деп хабарлады әкімдік өкілдері.

Бұған қоса 4 адамның жағдайы орташа ауыр екені хабарланды. Зардап шеккен туристердің барлығы дәрігерлердің бақылауында.

Әзірге облыс әкімдігі апаттың нақты себебін жариялаған жоқ. Тек тергеу жүріп жатқаны ғана айтылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2107464-almaty-oblysynda-turister-mingen-avtobus-audarylyp-25-adam-auruhanaga-tusti/