jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    "Бұл ерлігі ештеңемен өлшенбейді": Алматы облысында оқушы екі адамды өрттен құтқарып қалды

    Қамитбек Ихсан
    Қамитбек Ихсан. Фото: instagram.com/almobl_akimat

    Алматы облысындағы Боралдай кентінде 9-сынып оқушысы Қамитбек Ихсан отқа оранған үйден зейнет жасындағы кісі мен немересін сыртқа алып шығып, өрттен құтқарып қалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ облыстық әкімдікке сілтеме жасап хабарлайды.

    2024 жылғы 4 маусымда Боралдай кенті, №39 гимназияның 9-сынып оқушысы Қамитбек Ихсан осы ауылдың Найзашоқы көшесінде тұратын досының үйіне келе жатып, сол маңдағы үйлердің бірінен өрт шығып жатқанын байқаған.

    Оқушы ойланбастан өрт шыққан үйге жүгіріп кіріп, өрт күшеймей тұрып, 63 жастағы кісі мен 12 жастағы немересін үйден алып шығып, өрт сөндірушілерді шақырған.

    Өрт сөндірушілер келіп, тілсіз жау толығымен оқшауланған.

    "Баланың бұл ерлігі ештеңемен өлшенбейді, осындай ұлды тәрбиелеген ата-анасына және ұстаздарына мың алғыс", - деді облыстық әкімдік өкілдері.

    Айта кетейік, былтыр Алматы облысындағы Өтеген батыр ауылы, №24 лицейдің 8-сынып оқушысы Ақжол Нұрланұлы 219-бағдарлы автобустың жүргізушісінің жүрек талмасы ұстағанын байқап, жүргізуші кабинасына дереу кіріп, тежегішті басып, жол жиегіндегі тұрғын үй қоршауына көлікті жеткізбей тоқтатқан болатын. Осылайша автобус ішіндегі адамдардың өмірін аман сақтап қалған еді.

    "Бұл ерлігі ештеңемен өлшенбейді": Алматы облысында оқушы екі адамды өрттен құтқарып қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.