jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Аида Тақабаева
    Аида Тақабаева
    Бұрынғы қызметкер

    Алматы және Талғар қалаларының аумағында жер сілкінісі тіркелді

    Сейсмограф
    Сейсмограф. Көрнекі фото: Furchin/Getty Images

    14 маусымға қараған түні Алматы мен Талғар қаласында жер сілкінісі тіркелді. Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 34 км жерде орналасқан. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ведомствоның Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпарат бойынша, ҚР ТЖМ "Сейсмологиялық бақылау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2024 жылғы 13 маусымда Алматы уақытымен 22:25-те жер сілкінісін тіркеген.

    "Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында Қырғызстанмен шекарада Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 34 км жерде орналасқан", - делінген ведомство хабарламасында.

    Жерасты дүмпуі Алматыда 1,6 балл, Талғарда 1,4 балл болып сезілген.

    Зардап шеккендер жоқ.

    Жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадам

    Төтенше жағдайлар министрлігі жер сілкінісі кезінде мына ережелерді сақтау керек екенін еске салды:

    • жер сілкінген кезде үрейленбеңіз;
    • жер сілкінген кезде лифт және баспалдақты қолданбаңыз;
    • жиhаздан, терезеден, ары тұрыңыз;
    • жасырынатын жер табыңыз – жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында орын алып жасырыныңыз;
    • ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда);
    • көпқабатты үйлерде жер сілкіс аяқталған соң ғимараттан шығыңыз;
    • кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігіңізше өшіріңіз;
    • дабыл сандығын алыңыз (алдын ала дайындау қажет);
    • электр желілерінен, ғимарат, ағаштардан аулақ болыңыз;
    • жер сілкінуіне дайын болыңыз;
    • қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.

    Алматы және Талғар қалаларының аумағында жер сілкінісі тіркелді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.