jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Тараздағы металлургиялық зауытта өрт шықты (видео)

    Өрт
    Зауыттан шыққан өрт. Видеодан кадр: ҚР ТЖМ

    Бүгін түнде өртсөндірушілер Тараз қаласындағы металлургия зауытының аумағында жоғары вольтты трансформатордан шыққан өртті сөндірді. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ведомство өкілдерінің хабарлануынша, өртті сөндіруге трансформатор ыдыстарындағы 60 тонна май қиындық келтірген.

    "Құтқарушылардың үйлесімді іс-қимылдарының арқасында жақын маңдағы трансформаторлар мен зауыт ғимаратына өрттің таралуына жол берілмеді. ТЖМ күштері 80 шаршы метр алаңдағы өртті жойды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр", - делінген хабарламада.

    ҚР ТЖМ ресми сайтында өрт болған жағдайда не істеу керектігі айтылған. Өрттің алғашқы белгісі мен түтін иісі сезілгенде 101 телефоны арқылы өрт сөндіру қызметіне немесе 112 телефоны арқылы құтқару қызметіне хабарласыңыз.

    Диспетчерге қандай ақпарат берілуі керек:

    • өрттің немесе жалынның шыққан жерінің мекенжайы;
    • өрт нысаны (аулада, пәтерде, қоймада және т.б.);
    • өртенген зат (теледидар, жиһаз және т.б.);
    • қажет болған жағдайда - подъездің, пәтердің нөмірі, ғимарат қабаттарының саны және өрттің қабаты, қай жерден келу ыңғайлы, аумаққа кіру кодтары және т.б.;
    • атыңыз бен телефон нөміріңіз.

    Тараздағы металлургиялық зауытта өрт шықты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.