jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Ресейде көпқабатты тұрғын үй өртенді: 8 адам қаза тапты

    Фрязинодағы өрт
    Фрязинодағы өрт. Видеодан кадр: rtvi.com

    Мәскеу облысындағы Фрязино қаласында көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты. Төтенше жағдай салдарынан 8 адам қаза тапты, деп хабарлайды ТАСС агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Агенттіктің мәліметінше, Заводской проезд 2 мекенжайында өрт шыққаны туралы хабарлама 14:39-да түскен. Өрт сөндірушілер дереу оқиға орнына шығып, құтқару жұмыстарын атқарды.

    Өрттің жалпы ауданы 4,5 мың шаршы метрді құрады. Алдын ала мәлімет бойынша, төтенше жағдай салдарынан 8 адам қаза тапқан. Зардап шеккендердің саны әлі анықталып жатыр.

    Өртті сөндіруге 100 қызметкер мен 40 техника жұмылдырылды. Оқиға орынан екі тікұшақ ұшып барды. Құқыққорғау органдарының хабарлауынша, ғимараттың төрт қабаты толығымен жанып кеткен.

    Ресейде көпқабатты тұрғын үй өртенді: 8 адам қаза тапты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.