jitsu gif branding logo appbranding logo app

    "Қараусыз қалған": ШҚО-да үш бала тірідей жанып кете жаздады

    Құтқару сәті. Фото
    Құтқару сәті. Фото: КТК арнасы

    Шығыс Қазақстан облысында тұрғын үйден өрт шығып, үш бала тірідей жанып кете жаздады. Балалар үйде қараусыз қалған, деп хабарлайды КТК арнасы.

    Оқиға таңғы сағат он шамасында Самар ауылында болған.

    Белгілі болғандай, балалардың анасы жұмысқа, ал әкесі жеке шаруаларымен үйден шығып кетіп, үш баланы жалғыз қалдырған. Сол сәтте жер үйдің шатырынан өрт тұтанған. Абырой болғанда, түтінді көршілері көріп қалып, балаларды ажалдан арашалап қалды.

    11 жастағы бала оянып, оттың ішінен өзі шығып үлгерген. Ал ұйықтап жатқан 13 және 3 жастағы екі қызды тұрғындар терезені сындырып алып шықты.

    "Өрт аумағы 80 шаршы метрді құрады. Өрт басталған кезде бірінші жеткен Самар ауылының тұрғыны Нұрғалиев Марат және Самар ауылының өрт сөндірушілері терезе арқылы екі баланы құтқарған. Өрттің шығу себебі — тоқтың ысқа тұйықталуы", - деді Самар ауылы өрт сөндіру бөлімінің басшысы Руслан Ахметзаки.

    Еске салсақ Алматыда жеке үй өртке оранып, 57 жастағы ер адамның құтқарылғаны туралы жазған едік.

    Дереккөз: КТК арнасы

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.