jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Қостанай облысында егістікті жаулаған шегірткелердің видеосы тарауда

    шегіртке
    Шегірткелер. Фото: KAZ.NUR.KZ

    Қостанай облысынан келген аграршы егістікте шегірткелер үйіліп жатқан видеоны әлеуметтік желіде жариялады. Жағдайға Ауыл шаруашылығы министрлігі түсініктеме берді, деп хабарлайды Астана телеарнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Телеарнаның ресми сайтында хабарланғандай, шегірткенің басып алғанын Амангелді ауданының аграршысы Бексұлтан Сәндібеков видеоға түсіріп алған.

    "Бұл қоныс аударуға дайын ересек жәндіктер. Ұзақ қашықтыққа жүріп, егінді құртып, ауыл шаруашылығына айтарлықтай зиян келтіреді", - деп жазды ол.

    "Әрине, біздің өте керемет түсіру тобымыз бар, бірақ мынадай монтажды жасай алмаймыз. Бұл нанды өсіру үшін өте үлкен команда жұмыс істеді", - деп түсіндірді аграршы.

    Облыстық агроөнеркәсіптік кешен аумақтық инспекциясы телеарна журналистеріне бір күн бұрын шаруашылықтан италиялық шегірткені байқағанын айтты. Ал оның ошақтары қазірдің өзінде жойылды.

    Жалпы облыс бойынша 775 мың гектар егіс алқабында қорғау шаралары жоспарланған. Оның 94 пайызы өңделген.

    Біз қазір "Нұрлы жол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің егіс алқабында италиялық шегірткенің таралу ошақтарын анықтадық. Препарат ретінде 10-15 күндік күші бар, айтарлықтай зақым жоқ", - деп хабарлады басылымға Ауыл шаруашылығы министрлігі Амангелді аудандық аумақтық инспекциясы басқармасының басшысы Жандос Саттаров.

    Айта кетейік бұған дейін Қостанай облысында саяқ зиянкестердің егістікті шабуылдағаны туралы хабарлаған едік.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.