jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Алматы әуежайының жаңа терминалын тағы да су басты (видео)

    Алматы әуежайындағы жаңа терминал
    Алматы әуежайындағы жаңа терминал. Видеодан кадр: t.me/Qumash_kz

    Алматы әуежайындағы жаңа терминалды тағы да су басты. Әуежайдың баспасөз қызметі қолайсыздықтар жақын арада жойылатынын хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Telegram-дағы "Qumash" арнасында Алматы әуежайында түсірілген видео жарияланды. Бейнежазбада жаңа терминалды су басып жатқанын көруге болады.

    Алматы әуежайының баспасөз қызметі KAZ.NUR.KZ тілшісіне пікір білдіріп, су басудың себебін түсіндірді. Әуежай өкілдері қатты жауын-шашынның салдарынан перрон жақтағы нөсер канализациясының жүйесі жартылай толып қалғанын айтты.

    "Бұрынғы және жаңа терминал арасында су жиналып, халықаралық рейстер залын басты. Туындаған мәселені жою үшін әуежайдың барлық қызметі тартылды. Қазіргі уақытта техникалық қызмет нөсер канализациясын тазалау жұмыстарын іске асыруда. Халықаралық рейстердің ұшу алаңында жұмыс штаттық режимде жүріп жатыр.

    Ұшып келіп жатқан рейстерге уақытылы қызмет көрсету бойынша тиісті шаралар қабылданып жатыр. Су басудың салдары жақын арада жойылады. Жолаушылар мен ұжымның қауіпсіздігін сақтау - біздің басты мақсатымыз. Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - делінген ресми хабарламада.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.