jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ҚТ
    Қаламқас Төре
    Бұрынғы қызметкер

    Газ бен электр жарығы сөніп, көпір зақымдалды: Жамбыл облысында нөсер жаңбыр жауды

    Жаңбырлы күн
    Жаңбырлы күн. Көрнекі фото: Pexels

    Жамбыл облысында толассыз жауған жауын салдарынан елдімекендер электр жарығы мен газдан ажыратылған. Облыс әкімдігі қолайсыз ауа райының салдары туралы айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, 2024 жылғы 17 шілдеде сағат шамамен 20:00-ден аса Қордай ауданының Бетқайнар ауылдық округінде қатты жаңбыр салдарынан таулы жерлерде көлбеу ағын болған.

    Жақын маңдағы елді мекендерге қауіп төнбеген.

    Соңғы мәліметтер бойынша, жеке аула аумақтарын, сондай-ақ тұрғын үйлерді су басу фактілері тіркелмеген.

    "Алдын ала мәліметтер бойынша, шаруалардың айтуынша, "Береке" ШҚ аумағынан 671 бас ұсақ мал мен 10 бас жылқыны су ағызып әкеткен. Бұл мәселені арнайы комиссия нақтылайды. Оқиға орнына жергілікті атқарушы органдар мен өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің 18 қызметкері мен 6 техникасы шығып, төтенше жағдай салдарын жою бойынша жұмыстар атқарып жатыр", - делінген хабарламада.

    Ағын су салдарынан Соғанды – Бетқайнар автожолындағы көпір бүлінген.

    Әкімдік жариялаған мәлімет бойынша, жергілікті атқарушы органдар мен полиция қызметінің күшімен (5 адам және 2 бірлік техника) бекеттер қойылып, жол қозғалысы қамтамасыз етілді.

    Сондай-ақ Қордай ауданының бірқатар елдімекенінде осы күні сағат 18:00-ден бастап қатты жел тұрғаны атап өтілді. Желдің жылдамдығы 18-20 м/с болып, екпіні 25 м/с-ке дейін жеткен.

    "Ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар елдімекенде электр желілері уақытша үзілді. Авариялық қызметтер барлық шақыруларға жедел шығып, электр желілерін қосу шараларын атқарды. Қазіргі уақытта Соғанды ауылында (65 үй) ғана электрмен жабдықтау жұмыстары жалғасып жатыр", - делінген хабарламада.

    Әкімдік өкілдері 219 үй мен 2 әлеуметтік нысан газдан ажырағанын хабарлады. "ҚазТрансГазАймақ" АҚ ЖОФ (5 адам және 1 бірлік техника) қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ауа райына байланысты газға қайта қосу шаралары 18 шілдеге жоспарланған.

    Беріктас ауылында екпіні 43,5 м/с дейінгі қатты жел тіркелді. 

    Қатты жел салдарынан 18 жастағы тұрғынға ескі сарайдың қабырғасы құлағаны анықталды. Ол аудандық ауруханаға жеткізілді.

    "Қордай ауданындағы жағдай Жамбыл облысы әкімінің жеке бақылауында", - дейді ведомство өкілдері.

    Айта кетейік, бұған дейін Алматы әуежайының жаңа терминалын су басқаны туралы жазған едік.

    Газ бен электр жарығы сөніп, көпір зақымдалды: Жамбыл облысында нөсер жаңбыр жауды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.