jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ҚТ
    Қаламқас Төре
    Бұрынғы қызметкер

    Татарстанда соққан құйын әуежайдағы ұшақтарды аударып тастады

    Құйын салдары. Фото
    Құйын салдары. Фото: t.me/aviatorshina

    Нижнекамскіде құйын әуежайдағы жеңіл моторлы Diamond-42 ұшақтарын аударып жіберді. Қолайсыз ауа райы салдары бейнеленген видеолар әлеуметтік желілерде тарап кетті. Зардап шеккендердің жоқ екені хабарланды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Бір күн бұрын Telegram-дағы "Авиаторщина" арнасы Татарстандағы Нижнекамск Бегишево әуежайында қатты жел соққанын хабарлады.

    "Ол Санкт-Петербург азаматтық авиация университетінің төрт баға жетпес Diamond-42 оқу-жаттығу ұшағын ударып жіберді...

    Бір кезде аэродром үстінде құйын пайда болып, қойма мен ангар ғимараттарының металл қаптамаларын жұлып, ағаштарды, бетон қоршаудың бір бөлігін құлатты", - деп хабарлайды Telegram-дағы арна

    "РИА Новости" агенттігінің хабарлауынша, құйын Нижнекамск әуежайының жұмысына әсер еткен жоқ, рейстер кесте бойынша ұшқан.

    Кейін "КамАЗ" ЖАҚ баспасөз қызметі хабарлама таратты. Олар бұл құйын екенін ресми растап, зардап шеккендер жоқ деп хабарлады.

    "КамАЗ" ЖАҚ еншілес кәсіпорны Бегишево әуежайында құйын болды. Іскерлік және әкімшілік ғимараттар, техника, соның ішінде авиация да зақымдалды... Жолаушылар ұшағы зақымдалған жоқ. Жолаушыларды тасымалдау, ұшақтарды қабылдау және ұшыруға құйын әсерт етпеді. Әуежай штаттық режимде жұмысын жалғастырып жатыр", - делінген хабарламада.

    Татарстанда соққан құйын әуежайдағы ұшақтарды аударып тастады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.