jitsu gif
Оқыс оқиға

    Ақтөбе облысында қатты дауыл тұрып, бірнеше ғимараттың шатырын ұшырып әкетті (фото)

    әлеуметтік нысан
    Қобда ауданындағы дауылдан кейінгі жағдай. Фото: ауыл тұрғындарынан

    Ақтөбе облысы Қобда ауданында қатты желдің салдарынан әлеуметтік нысандарға зақым келді. Бірнеше көше жарықсыз қалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Қобда ауданының орталығында қатты желден мектеп, көпсалалы колледж бен тұрғын үйдің шатыры ұшты. Аудан орталығында тал құлаған көшелерде электр жүйесі қалпына келтіріліп, бүлінген нысандар жөнделіп жатыр.

    "7 тамыз, кешкі сағат 19:25 шамасында қатты дауыл болды. Арты жаңбырға ұласты. Қобда ауданы орталығындағы сегіз пәтерлі екі қабатты үйдің шатырын толықтай ұшырып алып кетті. Ол тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы балансындағы үй. Қазір айналаны тазарту жұмыстары жүріп жатыр. Сонымен қатар мектеп пен көпсалалы колледждің шатырын ұшырып әкетті. Адамдар аман. Қалыпқа келтіру жұмыстарын жергілікті әкімдік жасайды", - деді Қобда ауданының әкімі Ізгілік Тынымгереев.

    Ауданда қатты жел кезінде жарақат алған адам жоқ.

    Аудан әкімінің айтуынша, кеше төрт көшенің жарығы қосылған. Қазір тағы екі көшеді электр желісін қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.

    Автор: Ардақ Ерубаева

    қатты дауыл
    Дауыл салдары. Фото: ауыл тұрғындарынан

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.