jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Ашуға булыққан FlyArystan жолаушылары Алматы әуежайында шу шығарды (видео)

    FlyArystan
    FlyArystan. Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

    Желіде FlyAryastan ұшағына кешігіп келген жолаушылар Алматы әуежайында шу шығарды деген ақпарат тарады. Әуе компаниясы осы жайтқа қатысты түсінік берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Telegram-дағы Kris.p.media арнасында жарияланған видеода әуежайдағы жанжал бейнеленген. Кадрда ашуға булыққан жолаушылар әуе компаниясы қызметкерінің үстеліндегі заттарды лақтырып жатқанын көруге болады.

    Жазбада SMS-хабарламадағы қателіктен жолаушылардың KC7053 рейсіне кешігіп, тәртіпсіздік жасап, әуежай мүлкін бұлдіріп, заттарды әуекомпания қызметкерлеріне қарай лақтырғаны айтылған.

    "Әуе компаниясы өз қатесін мойындап, келтірілген шығынның орнын толтырды. Дегенмен бұл жайт осы рейспен ұшуға ерекше ниеттенген жолаушыларды тыныштандыра қоймаған. Мұндай жағдайларда өзара сыйластықты ұмытпаған жөн. Бұл жағдай мәселе тек қызметкерлерден емес, сонымен қатар жолаушылар тарабынан да туындайтынын көрсетті", - делінген жазбада.

    KAZ.NUR.KZ тілшісі түсінік алу үшін FlyArystan әуе компаниясына хабарласты.

    "2024 жылғы 19 тамызда Алматы – Астана бағытындағы KC7053 FlyArystan рейсінің ұшуы 09:05-тен 09:25-ке кешіктірілгенін хабарлаймыз. Жүйедегі қысқа мерзімді техникалық ақауға байланысты жолаушыларға рейс 09:25-тен 10:55-ке ауыстырылғаны туралы қате хабарлама жіберілген. FlyArystan келтірілген қолайсыздық үшін шын жүректен кешірім сұрайды", - деді әуекомпания өкілі.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.