jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ҚТ
    Қаламқас Төре
    Бұрынғы қызметкер

    Астанада көлік жөндеу орталығы өртенді (видео)

    Оқиға орны
    Өрт-сөндіру жұмыстары. Фото: Ақмола облыстық ТЖД

    Астанада көлік жөндеу орталығының ғимараты өртке оранды. Желіде куәгерлердің оқиға орнына түсірген видеолары тарады, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Бүгін Алматы ауданындағы Тәуелсіздік көшесінде орналасқан автокөліктерге қызмет көрсету орталығының екінші қабатында өрт шықты. Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram-дағы арнасында жарияланған мәлімет бойынша, бір адам иіс тиіп, медициналық көмекке жүгінген.

    "Өрт 200 шаршы метр аумақта сөндірілді. Автокөліктерге қызмет көрсету орталығының бір қызметкері жану өнімдерімен уланып, жедел медициналық көмек бригадасына жүгінді", - делінген ведомство хабарламасында.

    Оқиға орнынан түсірілген видео Telegram-дағы Astanovka98 арнасында пайда болды.

    Еске салсақ, Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Дөң ауылында аулада тұрған көліктен өрт шықты. 10 жастағы қыз баланың денесі өртенген көлік ішінен табылған.

    Айта кетсек, қайғылы жағдай 27 тамызда болған. Ауылдық округ әкімі Ербол Ізбасқанұлының айтуынша, жасөспірім отбасындағы жалғыз қыз болған.

    Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға көрші үйдің бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

    Астанада көлік жөндеу орталығы өртенді (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.