jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ГҚ
    Гүлзат Қазанғапова
    Бұрынғы қызметкер

    "Көк түтіннен тұншығып оянған": Ақтауда 10 қабатты үйдің қасбеті өртеніп кетті

    Ақтаудағы өртенген үй
    Ақтаудағы өртенген үй. Видеодан скриншот: youtube.com/@newsKTK

    Бүгін таңертең Ақтаудағы көпқабатты үйлердің бірінде ғимараттың қасбеті өртеніп кеткен, жалын тіпті пәтерлерге де жеткен. Үй тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарланған КТК телеарнасының сайтында.

    Телеарнаның хабарлауынша, 29 тамыз күні таңертең Ақтаудағы көпқабатты үйлердің бірінің қасбеті толығымен жанып кеткен. Жалын пәтерлерге де кірген. Тұрғындар асығыс кетуге мәжбүр болды.

    "Қорқынышты болды, үйдің іші түгел кеткен екен деп... Кейбір көршіде көрдік, толықтай кеткені бар екен. Бізде ас бөлмеден келген, сыртқы терезеден. Басқа бөлмелерге ыс кірген, иіс кірген. Түсқағаз, төбесі де бүлінген. Шығынын өтеп берсін", - дейді осы үйдің тұрғыны Темірбек Ербосынов.

    Өрт таңғы сағат 06.00 шамасында болған. Тұрғындардың көбі таңсәріде көк түтіннен тұншығып оянған. "Отырар сити" деп аталатын кешеннің 60-қа жуық тұрғыны далаға атып шықса, жоғарғы қабаттағы пәтерде тұратын 15 адамды өрт сөндірушілер сатымен түсіріп алады. Арасында сегіз бала бар. Барлығы дін аман.

    Тұрғындардың айтуынша, ғимараттың сыртын қаптаған материал тез тұтанғыш екен. От тиген бойда төменнен жоғарыға қарай от лаулап жана жөнелген. Кешенді салған құрылыс компаниясы бүлінген қасбетті қайта қалпына келтіріп береміз деп отыр. Ал осындағы тұрғындардың ыс басқан баспанасын жөндеп, шығынын кім өндіретіні әзір белгісіз.

    "Өрттің себебін анықтау үшін арнайы сараптама тағайындалды. Келтірілген залал көлемін ескере отырып, тұрғын үй кешенін басқарушы компания тұрғын үйді қалпына келтіруге көмек көрсету туралы құрылыс салушы компанияға өтініш білдірді. Өтінішке жауап ретінде «К7 групп" компаниясы өкілетті органдар рұқсат бергеннен кейін дереу қалпына келтіру жұмыстарын бастайтынын айтты", - деді құрылыс компаниясының өкілі Қаршыға Сайлаубаев.

    Дереккөз: КТК.

    "Көк түтіннен тұншығып оянған": Ақтауда 10 қабатты үйдің қасбеті өртеніп кетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.