jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Балқаштағы жанармай бекетінің жанында жарылыс болды (видео)

    Зардап шеккен көлік
    Зардап шеккен көлік. Видеодан кадр: astanatv.kz

    Күні кеше Қарағанды облысында Балқаш маңындағы жанармай бекетінде көліктегі газ-ауа қоспасы жарылды. Бұл туралы "Астана" телеарнасы хабарлайды.

    Оқиға салдарынан жүргізушісі зардап шекті Телеарна мәліметінше, баллон құрылғысының жөнделмеуіне байланысты газ-ауа қоспасы көлік салонында аққан. Артынша жарылыс болған.

    38 жастағы көлік жүргізушісі түрлі деңгейдегі күйік жарақатын алды. Ол ауруханаға жеткізілді.

    Осы ретте құтқарушылар көлік жүргізушілеріне автокөліктің техникалық жарамдығын үнемі тексеру керек екенін айтты.

    "Балқаш қаласының ТЖ басқармасы мынадай қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды сұрайды: құбырлардың, газ және бензин клапандарының қосылуының герметикалығына назар аударған жөн, газ баллонын сынау мерзімі өткен газ отынымен жүретін автомобильдерді пайдалануға жібермеу керек.

    Электр сымдары мен аспаптардың жарамдылығын қадағалау, автокөлікке уақтылы техникалық қызмет көрсету, сондай – ақ автокөліктің отын және электр жүйесінің жарамдылығын қадағалау", - деді құтқарушылар қазақстандықтарға.

    Балқаштағы жанармай бекетінің жанында жарылыс болды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.