jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    "Жұқпалы ауру жұқтырған": Ұлттық ұлан өкілі әскерден мүгедек болып оралған сарбазға қатысты пікір білдірді

    Науқас
    Науқас. Көрнекі фото: pixabay.com

    Ұлттық ұлан бас қолбасшысының орынбасары Қайрат Үмбетов әкерден мүгедек болып оралған Ербаян Мұхтардың жағдайына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Kazinform хабарлады.

    Қайрат Үмбетовтің айтуынша, Ербаян Мұхтар әскери қызмет атқару кезінде түнгі сағат 2-де ұйқысынан тұрып, дәретханаға барғанда құлап, жарақат алған.

    "Қазіргі жағдайы сол жарақаттан емес. Сарбаз емделу кезінде жұқпалы ауру жұқтырып алған. Біздің қолымыздан, әскери бөлім басшылығынан дәрігерлік көмек көрсетіліп жіберілген. Өкінішке қарай, емделу кезінде ол өкпенің қабынуы, іріңді гайморит жанама ауруына ұшыраған. Осыған байланысты дәрігерлердің кеңесуі арқылы мәжбүрлі түрде жасалған, ота барысында осындай жағдайға душар болып отыр", - деді Қайрат Үмбетов.

    Айта кетейік, бұған дейін желіде әскерге кеткен жас жігіттің мүгедек болып қайтқаны туралы ақпарат тараған еді. Жағдайға Ұлттық ұланының баспасөз қызметі түсініктеме берді.

    "Қатардағы Мұхтардың басынан жарақат алу фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 440-бабы 3-бөлігінің 4-тармағы (Денсаулыққа ауыр зиян келтіре отырып, әскери қызметшілер арасындағы қарым-қатынастың жарғылық ережелерін бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір барлық қажетті сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Тергеу барысы ІІМ ӘТД басшылығының бақылауында", - делінген ведомство хабарламасында.

    Артынша Қорғаныс министрлігі әскери қызметші Ербаян Мұхтардың жарақат алу оқиғасына байланысты ресми хабарлама жариялады.

    Сонымен бірге бұл жағдайға пікір білдірген денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова сарбаздың жағдайы ауыр екенін хабарлады.

    "Жұқпалы ауру жұқтырған": Ұлттық ұлан өкілі әскерден мүгедек болып оралған сарбазға қатысты пікір білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.