jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    ҚТ
    Қаламқас Төре
    Бұрынғы қызметкер

    Балқашта жылу трассасын жөндеу кезінде үш адамның сүйегі табылды

    Оқиға орны
    Оқиға орны. Фото: orkenmedia.ru

    Балқаштағы магистральдық желілерге жөндеу жұмыстары кезінде жұмысшылар үш адамның сүйегін тапты. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ekaraganda.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Басылым мәліметінше, Балқашта жұмысшылар магистральдық желілерде жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде жан түршігерлік көрініске тап болған. Олар Әлімжанов пен Калмыков көшелерінің қиылысында үш адамның сүйегін анықтаған. Жұмысшылардың айтуынша, қалдықтар құбырлардың ішіне салынған.

    Жұмысшылар оқиға орнына полиция шақырған.

    Сарапшылардың айтуынша, қалдықтар бірнеше жыл бойы жерде жатқан. Сүйектер сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

    "Оқиға орнын тексеру барысында адам қалдықтары алынды. Еті жоқ. Тек сүйектер табылды. Сол күні қазба жұмыстары кезінде сол жерде тағы екі адамның сүйегі табылды. Біз медициналық сарапшыны оқиға орнына шақырдық. Қазіргі уақытта адам қалдықтарын табу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот сараптамасы тағайындалды", - деді Балқаш қаласының полиция бөлімінің бастығы Айткен Қадрин.

    Балқашта жылу трассасын жөндеу кезінде үш адамның сүйегі табылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.