jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Шымкентте қоршаған ортаны ластаған кәсіпорындарға айыппұл салынды

    Шымкент мұнай өңдеу зауыты
    Шымкент мұнай өңдеу зауыты. Фото: gov.kz

    Шымкент қаласында 23 кәсіпорын қоршаған ортаны ластап келген. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Qazaqstan телеарнасының сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Телеарнаның хабарлауынша, тексеріс барысында кәсіпорындардан экологиялық талаптардың 48 заңбұзушылық дерегі анықталып, оларға 170 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Олардың ішінде Шымкент мұнай өңдеу зауыты мен металл балқыту өндіріс орны қомақты қаржы төлеуге мәжбүр болды. Бірі 48 миллион, екіншісі 100 миллион теңге айыппұл арқалады.

    "Эколайф" мекемесі осымен үшінші жыл қатарынан экологиялық талаптарды бұзған. Компания өкілдері биыл да пайдаланылған медициналық бұйымдарды утилизация жасаудың орнына, жерге көміп жатқан жерінде ұсталды. Бұдан бөлек мұнай өнімдері қалдығын да топырақпен жасыруға тырысқан. Қазір осы жайт бойынша және күкірт қышқылын өндіру зауытында болған алапат өртке байланысты полиция қылмыстық іс қозғады.

    "Индустриалды аймақтардың ішіндегі 11 мекемеге тексеру жүргізілген. Оның 8-не сотқа талап-арыз жолданған. Сол 4 мекемеге қатысты сот шешімі шықты. Қызметін уақытша тоқтату туралы. 4 мекмеге қатысты іс сот қарауында", - деді Шымкент қалалық экология департаментінің басшысы Ермахан Қозыбаев.

    Еске салайық, Ақтөбеде табиғатты ластағаны үшін кәсіпорынға 2,9 млрд теңгеге айыппұл салынған еді.

    Шымкентте қоршаған ортаны ластаған кәсіпорындарға айыппұл салынды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.